"Адалдық парасаттылық - адамдықтың белгісі" тақырыбында Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің "№28 жалпы білім беретін мектеп" КММ-нің білім алушыларына Маңғыстау -Адалдық алаңының спикерлері А.Таласбаева, А.Шамшадинова қатысуымен адалдық сағаттары жүргізілді.
"БІЗ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫМЫЗ!" апталығы аясында "Жемқорлықсыз қоғамға қадам" тақырыбында 10-сынып білім алушылары арасында дебат турнирі өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың сыбайлас жемқорлық туралы білімдерін тереңдету. Заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу, саяси сауаттылыққа баулу. Қорытынды бойынша 10" А" -сынып оқушыларына " Үздік спикер" номинациясы, 2-орын 10"В", 10 "Г"- сынып білім алушыларына берілді. Жауапты: А.Бекмұратова.
21-қараша күні Білім бөлімі , қоғамдық бірлестігі , " Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ 2023 жылғы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында, " Шуағыңды шаш" қоғамдық бірлестігі
Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастыру мақсатында “Маңғыстау - Адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің денсаулық сақтау, экология бойынша сарапшысы, “Маңғыстау” телеарнасының директордың орынбасары, ҚР Журналистер одағының мүшесі
Нұрбол Окуов, “Шуағыңды шаш” ҚБ -нің төрайымы А. Шамшадинова мен " Жемқорлықсыз болашақ" тақырыбында 9-сынып білім алушыларымен кездесу өткізілді.
Жауапты: адал ұрпақ ұйымы.