1989 жылы 29 қазан күні Маңғыстау облысы Ақтау қаласында дүниеге келген.
Білімі: жоғары
1) 2007-2011 жж. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Шет тілі: екі шет тілі;
2) 2016-2018 жж. Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті Орыс тілі мен әдебиеті
Педагогикалық еңбек өтілі: 12 жыл Санаты: Педагог-сарапшы
Педагогикалық қызметі:
2012-2017 жж. Ақтау қаласы «№15 жалпы білім беретін мектеп» КММ ағылшын тілі пәні мұғалімі;
2017-2018 жж. Түпқараған ауданы «Ақшұқыр мектеп-лицейі» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;
2018-2024 жж. Ақтау қаласы «№14 жалпы білім беретін мектеп» КММ орыс тілі әдебиеті пәні мұғалімі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары;
2024-2025 оқу жылында Маңғыстау облысы білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің “Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №28 жалпы білім беретін мектеп” КММ-сінде мектеп директоры қызметін атқаруда.