Құрметті, ата-аналар!2024-2025 оқу жылына бекітілген мектеп формасының үлгісін назарларыңызға ұсынамыз:
Ұл балалар үшін: жағалы ақ жейде, қою көк түсті (немесе қара түсті) пиджак, шалбар. Шалбардың ұзындығы тобықты жабатындай болуы тиісті. Аяқ киімге қойылатын талап: қара-көк, қара түсті туфли, классикалық аяқ киім. Спорттық үлгідегі киімге жол берілмейді. Қыс мезгілінде ақ водолазка, қою көк, қара түсті жемпір, жилет.Қыз балалар үшін: Жағалы ақ жейде, қою көк түсті (немесе қара түсті) юбка. Юбканың ұзындығы тізеден жоғары болмауы тиісті. Аяқ киімге қойылатын талап: қара-көк, қара түсті туфли, балетки. Шашқа бантик тағу міндетті, спорттық үлгідегі киімге жол берілмейді. Қыс мезгілінде ақ водолазка, қою көк, қара түсті жемпір, жилет, кең пішілген шалбар.❌Мектеп формасына түрлі конфессиялардың, діни киім элементтерін енгізуге жол берілмейді.