12 қыркүйек күні мектебіміздің 9-11 -сыныптардың ер балаларымен “ Ұл тәрбиесі- ұлт тәрбиесі” тақырыбында Маңғыстау облыстық ата-аналар кеңесінің төрағасы, республикалық әкелер одағы ұйымының облыстық филиалының жетекшісі, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Аллаберген Қонарбаев және әкелер одағының мүшесі, ақын Нұрлан Ділжановпен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесудің мақсаты: ер балалар арасында зиянды әдеттердің алдын-алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, өскелең жас ұрпақ бойында патриоттық сезімдерін орната отырып, бүгін мен болашаққа деген жауапкершілікті қалыптастыру. Өскелең ұрпақ бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру және әкелер, ағалар ықпалы нәтижесінде ер балалардың азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру, құқықбұзушылықтың алдын-алу.
Қамтылған оқушы саны: 230.