“АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ” ЖОБАСЫ
1-4-сынып білім алушыларының ата-аналарымен “Сапалы ұйқы: балалардың дамуы мен денсаулығының іргетасы” тақырыбында сабақ жүргізілді.
Мақсаты: баланың физикалық және психикалық денсаулығын сақтау факторы ретінде ата-аналардың ұйқыға құндылық қатынасын қалыптастыру.
Міндеттері:
- Ата-аналардың баланың толыққанды ұйқысын қамтамасыз етуі үшін қолайлы жағдай жасауға деген ұмтылысын дамыту;
- Салауатты ұйқының баланың ағзасы мен дамуына әсері және ұйқының бұзылуының теріс салдары туралы түсініктерді тереңдету;
- Баланың ұйқысы пайдалы болуы үшін күн тәртібін сақтаудың нақты алгоритмін қалыптастыру.
Жеке тұлғаның ұлттық құндылықтары мен қасиеттері: Әділеттілік және жауапкершілік.
Жауапты: Алдабергенова Мөлдір, Копекова Гүлшат
Пікір жоқ
6 қаралды
Авторы: daniil.slychenyuk
Қосылды: 24.09.2024 в 14:17