«Мен таңдаған мамандық» тақырыбында дөңгелек үстел
«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №28 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылдың 11 желтоқсан күні, «Мен таңдаған мамандық» тақырыбында дөңгелек үстелі өтті. Білім беру жүйесіндегі деңгейлердің өзара байланысын, үйлесімділігін және бір-бірін толықтырып отыруын қамтамасыз ету мақсатында, ЖШС «Каспий өңірі «Болашақ» колледжі, “Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №28 жалпы білім беретін мектеп” КММ, №61 «Сұлтан» бөбекжайы ЖБҚ МКҚК, №32 «Ақ шағала» бөбекжайы ЖБҚ МКҚК сабақтастығы қамтылды.
Іс-шара оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға және білім беру сапасын жақсарту үшін тиімді әдістемелік шешімдерді ұсынуға бағытталған. Қатысушылар мамандық бойынша кәсіби байланыс орнату және өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, заманауи технологияларды пайдалану бойынша тәжірибелік дағдыларды меңгеру жолдарымен бөлісті. Педагогтар тәжірибесімен бөлісу арқылы бірлескен жұмысқа жаңа идеялар алып, білім беру жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар айтылды.
Дөңгелек үстелге қатысушылар және қамтылған тақырыптар:
«А.Байтұрсынұлы атындағы №28ЖББМ» КММ,
Жұмабай Керімбала «Ұстаз деген – ұлы есім» тақырыбында шебер-сынып көрмесі, Ауезалиева Лаура Бакытжановна «Ойын арқылы баланың ой өрісін дамыту» ойын сабағы, Тайшиева Жанат Айбаровна «Цифрлық білім берудегі озық технологияларды қолдану» зияткерлік сабағымен бөлісті. «Менің көңіл-күйім» тренингімен Демешова Алия Айтбаевна №32 «Ақшағала» ЖБҚ МКҚК бөбекжайы, «Тәрбиеші мамандығының қоғамдағы рөлі» баяндамасымен Зейноллаева Гаухар Зейноллақызы №61 «Сұлтан» ЖБҚ МКҚК бөбекжайы, ЖШС “Каспий өңірі “Болашақ” колледжінен “Жақсы көңіл-күй-жан азығы” тренингімен Көшербаева Гүлназ, «Мен таңдаған мамандық» баяндамасы Базарбаева Жадыра қатысып, іс-тәжиребелерін көрсетті.
Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға белсенді қатысқандары үшін алғыс білдірді. Семинарда айтылған ұсыныстар білім беру жүйесін дамытуға маңызды үлес қосады деп сенеміз.