07.02.2024ж күні психологиялық онкүндік аясында 5-9 сынып білім алушыларына “Жүрек жақсылыққа ашылады” тақырыбында дәрістер, тренингтер пікірлесу жұмыстары өтті.
Мақсаты оқушылардың мейірімділік, қайырымдылық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту, достықты қадірлей білу , бір-біріне көмек көрсету және қамқор болуға үйрету, қарым-қатынас жасауға көмектесу , қарым-қатынас дағдысын қалыптастыру. Пікірлесу барысында оқушылармен алдымен амандасып кейін оқушылар бойында жиналып қалған жағымсыз энергияларды шығару үшін «сілку» жаттығуы жүргізілді.Тренинг соңында оқушылар өз ойларымен бөлісіп, жылулық ұялату үшін бір-біріне жылы сөздер айтылып, көңілдері көтеріліп қалды. Оқушылардың барлығы дерлік сұрақтарға жауап беріп, белсенді қатысты.