Құжатты egov.kz электронды үкіметі, сондай-ақ қағаз нұсқада тапсыруға болады.
Қазақстан азаматтары үшін қажет құжаттар тізімі:
1)ата-ананың немесе заңды өкілінің өтініші,
2)052-2/у нысаны бойынша денсаулық паспорты, 065/у нысаны бойынша денсаулық жағдайытуралы құжат (екпе картасы),
3) 3х4 көлеміндегі фотосуреттің екі данасы,
4) Қажеттілігіне қарай ПМПК тұжырымдамасы (ерекше білімді қажет ететін балалар үшін).
Шетел азаматтары үшін қажет құжаттар тізімі:
ата-аналар немесе басқа заңды өкілдер Қазақстанда уақытша немесе тұрақты тұруы керек, шетелдіктер мектепке Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығы туралы және тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы құжаттарды ұсынады. Өтінішті үй жағдайында, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, мектептерде орналасқан өзін-өзі қызмет көрсету бұрыштарында тапсыруға болады. Өтініш демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.
Мекен-жайымыз: Ақтау қаласы, 29 шағынаудан, 25 ғимарат.
Байланыс телефоны: 40-16-56; 87754394282