18 мамыр- Халықаралық музей күніне орай 1-4 сынып білім алушылары Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи өлкетану музейіне саяхат жасады.Саяхат барысында білім алушылар Әбіш Кекілбайұлының қазақ әдебиетіндегі орны, оның қаламгер ретінде қоғамға тигізген әсері, тарихи кезеңдердегі қызметі туралы көптеген материалдармен танысты. Сондай-ақ жазушының әдебиетке қосқан үлесі, оның замандастары мен шәкірттері туралы ақпарат алды.