Меню KDT

logo.png?_=2?_=1
Маңғыстау облысы білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің “Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №28 жалпы білім беретін мектеп” КММ

«Заң мен тәртіп» – Әділетті Қазақстан­ның идеологиялық тұғырна­масы.


«Заң мен тәртіп» – Әділетті Қазақстан­ның идеологиялық тұғырна­масы. Бұл – Ата Заңымыздың мәнін ашатын тұжырым. Конституциямызда ең жоғарғы құндылық ретінде адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары танылған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Құқық – ізгілік пен әділеттілік өнері» деген сөздің терең мағынасына мән беріп, «Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қоғамда тәртіпті қамтамасыз ету үшін қажет екенін» ерекше атап өтті. Меніңше, бұл идеологиялық тұжырым – қоғамдық асыл мұраттарды, әсіресе мәдени, адамгершілік, отбасылық, рухани және діни құндылықтарды, сондай-ақ еңбек ету, денсаулық сақтау, білім алу, меншік пен кәсіпкерлік бостандығы сияқты конституциялық кепілдіктерді сақтау қажеттілігін білдіреді. Сонымен қатар табиғатқа және қоршаған ортаға деген қамқорлық та осы қатарда тұруға тиіс. Сондықтан «Заң мен тәртіп» – жай ғана құқықтық ұғымдар емес, қоғам тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне, елдің гүлденуіне бастайтын өмірлік бағдарлар.
Толығырақ төменгі сілтемеде👇
@birtutas_tarbie2024
@birtutas_tarbie_mangystau
@oqu_agartu_ministrligi
@mangystau_obl_bilim_baskarmasy
@mangystau_obl_adistemelik
@aktau.bilim_bolimi
@aktau_oku_adistemelik_ortaligi


Пікір жоқ
3 қаралды
Авторы: b028schaktau
Қосылды: 14.06.2025 в 10:29

Choose Color