Меню KDT

logo.png?_=2?_=1
Маңғыстау облысы білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің “Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №28 жалпы білім беретін мектеп” КММ

2025-2026 оқу жылына бекітілген мектеп формасының үлгісі


Құрметті ата-аналар!
2025-2026 оқу жылына бекітілген мектеп формасының үлгісін назарларыңызға ұсынамыз:
Ұл балалар үшін: классикалық үлгіде жағалы ақ жейде, қою көк түсті (немесе қара түсті) пиджак, шалбар. Шалбар еркін тігілген және ұзындығы тобықты жабатындай болуы тиісті. Аяқ киімге қойылатын талап: қою көк, қара түсті туфли, классикалық аяқ киім. Спорттық үлгідегі киімге жол берілмейді. Қыс мезгілінде: ақ водолазка, қою көк, қара түсті жемпір, жилет.
Қыз балалар үшін: классикалық үлгіде жағалы ақ жейде, қою көк түсті ( немесе қара түсті) белдемше. Белдемшенің ұзындығы тізеден жоғары ( және тобықты жабатын) болмауы тиісті. Аяқ киімге қойылатын талап: қою көк немесе қара түсті туфли, балетки. Шашқа бантик тағу-міндетті. Спорттық үлгідегі киімге жол берілмейді. Қыс мезгілінде ақ водолазка, қою көк, қара түсті жемпір, жилет, кең пішілген шалбар.
❌ Мектеп формасына түрлі конфессиялардың діни киім элементтерін енгізуге жол берілмейді.
 
 


Пікір жоқ
17 қаралды
Авторы: b028schaktau
Қосылды: 15.08.2025 в 17:08

Choose Color