Меню KDT

logo.png?_=2?_=1
Маңғыстау облысы білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің “Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №28 жалпы білім беретін мектеп” КММ

А.Байтұрсынұлының туған күні және Қазақстан Халқы тілдері мерекесі. 


5 қыркүйек –алаштың ақыл-ой айнасы, халықтың ар-амысының айбыны А.Байтұрсынұлының туған күні және Қазақстан Халқы тілдері мерекесі. Осыған орай мектебімізде іс-шара ұйымдастырылды. Баршамызға қымбат, қастерлі құндылығымыз тіл мерекесінің Тәуелсіз еліміз үшін маңызы жоғары. Тіл – халықтың жаны, елдің ең қымбат қазынасы. Тіл бар жерде ұлт бар, тарих бар, рух бар. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» деген. Сол себепті біз тіліміздің қадірін біліп, мәртебесін көтеру әр қазақтың парызы екенін бүгінгі шараға қатысып, толығырақ сезіндік.Бұл шара халқымыздың асқақтаған домбырашылар орындаған күйімен басталып,мектебіміздің бір топ өнерлі оқушылары ақынның өлеңдерін жатқа оқыса,енді бірі мың бұралып би биледі. Шараға қатысушыларға ұлы ұстаз,ақын,аудармашы,публицист,қоғам қайраткері А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына арналған сұрақтар қойылып,қатысушылармен кері байланыс жасалды.Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар да берілді.
Жауапты: қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі


Пікір жоқ
23 қаралды
Авторы: b028schaktau
Қосылды: 05.09.2025 в 17:12

Choose Color