Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің білім беру саласында ауқымды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда. Негізгі мақсат – үш ауысымды оқыту мәселесін шешу, оқушы орындарының тапшылығы мен апатты мектептерді жою. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің білім беру саласында ауқымды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда. Негізгі мақсат – үш ауысымды оқыту мәселесін шешу, оқушы орындарының тапшылығы мен апатты мектептерді жою. Еліміздің өңірлерінде 267 мың оқушы орнына арналған 232 жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде. Биыл 157 мың оқушы орнына арналған 105 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Оның ішінде 135 мың оқушы орнына арналған 71 мектеп «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынды. Жаңа мектептердің басым бөлігі Түркістан, Маңғыстау, Алматы, Ақтөбе және Жамбыл облыстарында орналасқан. Аталған ұлттық жоба аясында жалпы 460 мың орынға арналған 217 заманауи мектеп салу жоспарланған, оның 40%-дан астамы ауылдық жерлерде бой көтеруде. Жаңа форматтағы мектептер бұрынғы типтік мектептерден едәуір ерекшеленеді: олардың жалпы аумағы 15–20%-ға үлкен, ал техникалық жабдықталу деңгейі төрт есе жоғары. Әр мектепте робототехника кабинеттері, STEM-зертханалар, хореография залдары, коворкинг аймақтары мен төртке дейін спорт залы қарастырылған. Пікір жоқ 19 қаралды Авторы: b028schaktau Қосылды: 03.11.2025 в 18:27