Меню KDT

logo.png?_=2?_=1
Маңғыстау облысы білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің “Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №28 жалпы білім беретін мектеп” КММ

Мәлiк Ғабдуллиннiң туғанына 110 жылдығына орай «Мәлiк Ғабдуллин – қаһармандық пен қаламгерліктің символы» тақырыбында әдеби-тарихи кеш ұйымдастырылды

“Балалар кітапханасы” жобасы аясында жазушы, қоғам қайраткерi, Кеңес Одағының батыры Мәлiк Ғабдуллиннiң туғанына 110 жылдығына орай «Мәлiк Ғабдуллин – қаһармандық пен қаламгерліктің символы» тақырыбында әдеби-тарихи кеш ұйымдастырылды


.Мақсаты: Іс-шараның мақсаты – қазақтың көрнекті жазушысы, әдебиеттанушы ғалымы, Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллиннің өмір жолы мен шығармашылық мұрасын жас ұрпаққа насихаттау, Отансүйгіштікке, ұлттық рух пен елжандылыққа тәрбиелеу.Іс-шара барысында 8-сынып оқушылары Мәлік Ғабдуллиннің өмірі мен шығармашылық жолы жайлы кеңінен мәлімет берді. Жазушының майдандағы ерлігі, ғылымға қосқан үлесі және қазақ әдебиетіне сіңірген еңбегі туралы айтылды.Кеш барысында: Мәлік Ғабдуллин туралы бейнежазба көрсетілді; Оқырмандар жазушының «Менің майдандас достарым», «Қазақ халқының батырлық жырлары» сияқты еңбектерінен үзінді оқып, пікірлерін білдірді.Қорытынды: Қатысушылар Мәлік Ғабдуллиннің жан-жақты тұлғасын тереңірек танып, оның Отан алдындағы ерлігі мен ғылымға, әдебиетке қосқан үлесін бағалай білді. Іс-шара жас ұрпақтың тарихи тұлғаларға деген қызығушылығын арттырып, патриоттық рухын нығайтты.Жауапты: 8-сынып жетекшілері.


Пікір жоқ
14 қаралды
Авторы: b028schaktau
Қосылды: 19.11.2025 в 10:44

Choose Color