Меню KDT

logo.png?_=2?_=1
Маңғыстау облысы білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің “Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №28 жалпы білім беретін мектеп” КММ

ҚАРАША- ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК АЙЫ

Жастарды құқықтық тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» тақырыбында ұйымдастырылды


Ахмет Байтұрсынұлы атындағы “№ 28 жалпы білім беретін мектеп” КММ-де “ Адал ұрпақ” ұйымы мүшелерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған кездесу өтті. Іс-шараға шақырылған қонақтар- “ Жаңару” сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы ұлттық қозғалыс БҚБ Маңғыстау филиалының директоры, “ Маңғыстау- Адалдық алаңы” жобалық кеңесінің жетекшісі Үсіпбаев Дайрабай Мамашұлы, Ақтау қаласы ПБ КПБ жедел уәкілі полиция капитаны Б.Д. Жумагазиев, мектеп инспекторы Р.Асылбеков.Кездесу «Жастарды құқықтық тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» тақырыбында ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты — жасөспірімдер арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, адалдық, әділдік және жауапкершілік құндылықтарын дәріптеу, сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің қоғамға тигізер зияны туралы түсінік қалыптастыру. Дайрабай Мамашұлы жастарға еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың бағыттары, құқықтық мәдениеттің маңызы, азаматтық ұстаным және жеке жауапкершілік жайында айта отырып, нақты мысалдармен түсіндірме берді. Сонымен қатар, оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, оларды адалдық пен парасаттылыққа шақырды.Іс-шара барысында «Адал ұрпақ» ұйымының белсенділері өз пікірлерін ортаға салып, қоғамды жаңғыртудағы жастардың рөлі, құқықтық білімнің қажеттілігі туралы ой бөлісті.Мектеп инспекторы Р.Асылбеков жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықты болдырмауға, бос уақытты тиімді пайдалануға кеңес берді.


Пікір жоқ
9 қаралды
Авторы: b028schaktau
Қосылды: 20.11.2025 в 17:58

Choose Color