Меню KDT

logo.png?_=2?_=1
Маңғыстау облысы білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің “Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №28 жалпы білім беретін мектеп” КММ

АЛДЫН-АЛУ ІС-ШАРАСЫ

“ Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам” жобасы аясында 5-сынып білім алушыларына “ Құқықбұзушылыққа жол жоқ!” тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, топтық жұмыс жүргізілді.


Іс-шара барысында оқушыларға арнайы бейнеролик көрсетіліп, ролик мазмұны бойынша талдау жасалды. Бейнематериалда зорлық-зомбылықтың түрлері, оның бала психологиясына әсері, денсаулығына және болашағына тигізетін кері әсері түсіндірілді. Сонымен қатар оқушыларға құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңызы, құқықбұзушылықтың түрлері және олардың салдары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Мектеп инспекторы Р.Асылбеков оқушыларды өз қауіпсіздігін сақтауға, күмәнді жағдайларда үлкендерден көмек сұрауға, заң нормаларын сақтауға шақырды. Сондай-ақ оқушыларға зорлыққа жол бермеу, қауіп төнген жағдайда әрекет ету, сенім телефондары мен көмек көздері туралы ақпарат берілді. Оқушылар сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды. Іс-шара зорлық-зомбылықтың алдын-алу, оқушылардың құқықтық және психологиялық сауаттылығын арттыруға оң әсерін тигізді. #adalazamat


Пікір жоқ
60 қаралды
Авторы: b028schaktau
Қосылды: 09.12.2025 в 09:18

Choose Color