Іс-шараның мақсаты – оқушыларға мамандық таңдаудың маңыздылығын түсіндіру, адал еңбекке баулу және болашаққа саналы көзқарас қалыптастыру. Кездесуге арнайы шақырылған қонақтар: – Н. Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің маманы Қыдыршаева Гүлдәрі Айтқұлқызы; – Х. Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің өкілі Тоқсанбаев Рахметолла Мұханбетқалиұлы; – «Меридиан» медициналық колледжінің маманы Бажикова Асем Туркменбаевна. Қонақтар өз оқу орындарындағы мамандықтар, қабылдау талаптары, оқу үдерісінің ерекшеліктері мен еңбек нарығындағы сұранысқа ие салалар туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар жеке өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, табысқа жетудің басты жолы – адал еңбек, жауапкершілік және мақсатқа ұмтылу екенін атап өтті. Іс-шара барысында оқушылар көкейіндегі сұрақтарын қойып, болашақ мамандықтарын таңдауға қатысты пайдалы кеңестер алды. Пікір жоқ 45 қаралды Авторы: b028schaktau Қосылды: 21.01.2026 в 11:14