Тренингтің мақсаты – оқушылардың ішкі қорқыныштарын анықтау, эмоциялық шиеленісті азайту, өз сезімдерін еркін білдіруге үйрету және өзіне деген сенімділігін арттыру болды. Тренинг барысында оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай түрлі психологиялық жаттығулар мен ойындар ұйымдастырылды. Жаттығулар қорқыныш сезімін тануға, оны жеңу жолдарын түсінуге, сондай-ақ бір-біріне қолдау көрсетуге бағытталды. Іс-шара кезінде оқушылар белсенділік танытып, берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Жаттығулар балалардың өз-өзіне деген сенімділігін арттырып, жағымды эмоциялық көңіл-күй қалыптастыруға ықпал етті. Тренинг соңында оқушылардың көңіл-күйі көтеріліп, өз қорқыныштары туралы ашық айтуға үйренгені байқалды. Өткізілген тренинг барлық оқушылардың психологиялық дамуына оң әсерін тигізді. Жауапты маман: Бүркіталина А.Т. Пікір жоқ 37 қаралды Авторы: b028schaktau Қосылды: 23.01.2026 в 10:43